ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АРАЛДАҒЫ ЖАТАҚХАНА ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
«Спутник ньюс» сайтындағы ақпаратқа байланысты (https://ru.sputniknews.kz/…/studenty-obschezhitiye-aralsk.h…«Студенты 10 лет жили в несуществующем общежитии на юге Казахстана») Қызылорда облысының білім басқармасы төмендегіні хабарлайды.
Біріншіден, ақпаратта айтылған асарлатып салынған жатақхана, индустриялды-техникалық колледжге емес, Арал көпсалалы колледжіне тиесілі. Индустриялды-техникалық колледжінің студенттеріне арналған жатақхана болған емес.
Екіншіден, білім басқармасы тарапынан қызметтік тексеріс барысында Арал көпсалалы колледжінің барлық қажетті құжаттары (мемлекеттік акт, техникалық паспорт және оқу орнының бұйрығы) бар екені анықталды. Құжаттардың сканерленген нұсқасы ұсынылады. Мемлекеттік акт 25.04.2013 ж., техпаспорты 23.02.2007ж. жасалған.
Осылайша, колледж жатақханасының көптеген жылдар бойы ресми құжаттарынсыз жұмыс істеп жатқандығы туралы ақпарат заңсыз болып табылады.
Анықтама үшін: Арал көпсалалы колледжі 1959 жылы құрылған, оқу орнында 280 студент 8 мамандық бойынша білім алуда.