ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Аудан әкімі М.Ергешбаев диқандарды алғашқы егін орағымен құттықтап, егін орағының лентасын қиды. Ендігі міндет – қырмандағы астықты ауа райының қолайлы шағын пайдаланып, ел ырысына айналған күріш дақылын ысырапсыз тез арада жинап алу болмақ. Бұған жергілікті жерде барлық жағдай жасалған, яғни, адам күші мен техника жеткілікті.
Биыл Қазалы ауданы бойынша 17790 гектар жерге дәнді дақылдар егілсе, оның ішінде негізгі дақыл – күріш 6800 гектаржерге орналастырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 435 гектарға артық.
Сондай-ақ, 17 790 гектарға орналастырылған дақылдардың 7477 гектары дәнді дақылдар, 7422 гектары – мал азықтық дақылдары, 2250 гектары – картоп, көкөніс, бақша, 641 гектары – майлы дақылдар.
Егінге орақ салған Қазалы ауданының диқандары бітік өскен күріш алқаптарынан жиналған биылғы дән қамбаны еселеп толтырады деген үмітте.