НЕГІЗГІ САЛАЛАРДА ӨСІМ БАР

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекееваның қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Департамент басшысының айтуынша, аймақ көлемінде тіркелген заңды тұлғалар саны – 10486 бірлікті, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны – 7513 бірлікті, белсенді заңды тұлғалар саны – 4458 бірлік құраған.
– Ал, шағын және орта бизнес мониторингі 2018 жылдың 1 қыркүйегіне 51601 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелгендігін көрсетіп отыр. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес (ШОК) субъектілер саны 11,3 пайызға артты.
ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 72,8 пайызды, шаруа (фермер) қожалықтары – 14,8 пайызды, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 12,4 пайызды құрады, - деді ол.