ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАСТЫ НАЗАРДА
Қызылорда қаласында инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниетті «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС-нің өтінішіне сәйкес департаменттің бастамасымен «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратында орналасқан «Рrotecting business and investments» жобасының фронт-офисінде құзырлы органдардың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында инвесторлар Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Ақылды қала» (Smart city) жобасына шамамен 3 млрд. 600 млн. теңге қаражатқа 3200 бейнекамераларды орнату бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатқанын және ол бойынша бейнекамералар орнатылатын орындарда электр, телекоммуникация жүйелеріне байланысты уәкілетті органдармен келіссөз орнатқысы келетінін жеткізді.
Жиын қорытындысымен уәкілетті органдар «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС-не заң талаптарына сәйкес тиісті көмек беретіндіктерін жеткізіп, аталған мәселе бойынша барлығы ортақ келісімге келді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаментінің басшысы А.Мұхимов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Тленов, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ж.Оспанов, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары А.Жаналиева, «Қазақтелеком» АҚ-ның «Оңтүстік телекоммуникациялар дирекциясының» Қызылорда облысы бойынша бөлімшесінің бөлім басшысы Н.Керейтбаев және «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС бас директорының корпоративті бизнес жөніндегі орынбасары Чжао Хунбинь, бас менеджері Д.Сатыбалды қатысты.