СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ ЗОР
Жемқорлықпен күресу бүгінгі күні еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Осы орайда қылмыстардың ішінде сыбайлас жемқорлық қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні анық. Бұған қоса, ол елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді.
Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жалпы, бұл жерде азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін күшейту маңызды.
Жемқорлықпен күрес мерзімдік емес, яғни уақытша атқарылыр шара емес, сол үшін мемлекеттік қызметте тек қана заң шеңберінен аспай, осы қоғам дертіне айналған құбылыстың орын алуына жол бермей, және оның алдын – алу шараларын қарастырып, мемлекеттік қызметкер деген атқа лайық болу керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бір мекеме немесе жеке ұйымға ғана емес әрбір Қазақстан азаматына тиесілі міндет және қоғамға ортақ күрес екендігін, сондай-ақ, еңбек тәртібін аяқтау барысында жіберілген кемшіліктер мен олқылықтарды жойып, оларды алдағы уақытта болдырмау қажет.
Сондықтан да жемқорлықты болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді, дегенмен жеті құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да азайар емес.
Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы өте қауіпті ауру болғандықтан демократиялық негіздерді қатар туғызады, заң мен әділеттікке деген сенімнен айырады.
Жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Н.ТАСИРОВА,
Қызылорда қалалық әділет басқармасының бас маманы