ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ

Аталған ауданның мерейтойы «Сырға толы Сығанақ» атты этно-думанды шарамен басталып 2 ай көлемінде тойланатын болады.
Бекітілген бағдарлама аясында мәдени көпшілік және спорттық шаралар өтеді.
Сондай-ақ, Халық ақыны Манап Көкеновтің 90 жылдығына орай бюсті ашылып, республикалық ретро-айтыс ұйымдастырылады.
Шаралар аясында «Алтын күз-2018» ауылшаруашылығы саласының үздіктерін марапаттап, эстрада жұлдыздарының гала-концертімен қортындыланады.
Атап өтсек, Жаңақорған ауданының 90 жылдығы аясында 1 көпқабатты тұрғын-үй және 1 жатақхана қазан айында халық игілігіне беріледі.