АГЕНТТІК ӨКІЛІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАРҒА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Оның алдын алу бойынша пилоттық түрде іске қосылған құралдар өз тиімділігін дәлелдеді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді. Сондай-ақ, агенттік өкілі Қызылордадағы мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыстарға оң бағасын берді.
Мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті енгізу қазіргі мәселелердің заманауи шешіміне айналды. Үш жобалық кеңсе белсенді жұмыс атқаруда, жиналған тәжірибе барлық республикаға таратылатын болады.
Басты міндеттердің бірі – азаматтардың, отандық кәсіпкерлердің және шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау.
Айта кетейік, қазіргі таңда кәсіпкерлер мен ел тұрғындарының аталған агенттікке деген сенімі жоғарылаған. Бұған сенім телефонына келіп түскен көптеген тұрғындардың сауалдары дәлел бола алады. Осы бағытта Қызылорда облысы республикада алдыңғы қатарда.
Сыр өңірі кәсіпкерлерді қолдауда, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуда аймақтар арасында көшбасында тұр.