ШЫНАЙЫ ШАРА
Сырдария ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен бос жұмыс орындарының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Лекеров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшылары Ғ.Ілкібаев, Е.Сарымбетов қатысты.
Басқосуды аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Лекеров ашты.
– Бәрімізге белгілі, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік қызмет жүйесі жетілдірілуде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру, ашықтықты қамтамасыз ету және халыққа сапалы қызмет көрсету – мемлекеттік қызмет саласының басым бағыттарының бірі. Бүгін ауданымызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен бос жұмыс орындарының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты – қызмет алушыларға кеңес беру, «Е-гов» жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ауқымын кеңейту болып табылады,- деді Б.Лекеров.
Сонымен қатар, аталған департаменттің басқарма басшысы Ғ.Ілкібаев агенттік бастамасымен өткізіліп жатқан іс-шара ашықтыққа негізделгенін және бұл іс-шара сыбайлас-жемқорлық көріністерін азайтып, қолжетімділікті арттыратынын айтты.
Бос жұмыс орындарының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі барысында аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме мамандары тегін кеңес беріп, тұрғындар сұрақтарына жауап берді.
Жәрмеңке аясында 9 мекемеден 17 бос қызмет ұсынылып, 17 азаматқа жұмысқа орналасу жөнінде жолдама берілді. Жолдамаға ие болған мамандар алғыстарын айтып жатты.