АЛАЯҚТЫҚ ФАКТІЛЕРІ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ
Бүгінгі күні Қызылорда қаласының ішкі істер Басқармасына алаяқтықтың 414 фактісі тіркелді, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда алаяқтық фактілері 17 пайызға төмендеген.
Алаяқтар азаматтардың сенгіштігін немесе қиын жағдайға тап болуын пайдалана отырып, қаражат мәселесін оңай шешуге байланысты ыңғайлы шарттармен қызықтырып, сонымен қатар несие алуға қатысты оң шешім шығару үшін алдын ала төлем жасауға көндіре бастайды.
Басқа жағдайда күдік тудыратын жобаларды инвестициялау арқылы аз уақыт ішінде пайда табуға уәде береді. Алаяқтар жәбірленушілерге кезектен тыс арзан бағаға пәтер алып беремін, банктен несие алып беремін, жұмысқа орналыстырамын, жер алып беремін, жүргізуші куәлігін алып беремін, ғаламтор жүйесі арқылы заттар сатып алып беремін деген желеумен азаматтардың ірі мөлшерде ақшасын иемденеді.
Қоғамдағы алаяқтық фактілерін азайту мақсатында Қызылорда қаласының Ішкі істер Басқармасының қызметкерлері профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында қала тұрғындарына профилактикалық үгіт насихат жұмыстарымен бірге алаяқ қылмыстарына қарсы парақшалар таратылды.
Қызылорда ҚІІБ баспасөз қызметі