АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРҒА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРДІ
Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын насихаттау және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеуден өту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды түсіндіру бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде семинар кеңес өтті.
Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.
Кездесуде департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметерді алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Ал аталған департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысы Еркебұлан Сарымбетов Елбасының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының кәсіби аппаратын құру бойынша, жаңа модель меритократия принциптерін негізге ала отырып, мемлекеттік қызметке білікті, адал және жемқорлықтың көріністеріне төзімсіз азаматтарды іріктеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мемлекеттік қызмет жабық құрылым болып табылмайды және оған орналасу ниеті мен қажетті біліктілігі бар кез келген азамат үшін қолжетімді.
Соңында, департамент қызметкерлері мемлекеттік қызметке орналасу және оны өткеру бойынша жастарға қажетті ақпарат беруге дайын екендіктерін жеткізді.
Комментарии 1