АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛУДЕ
Қармақшы ауданы бойынша автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына биылғы жылға қомақты қаражат бөлініпті. Осылайша, жолдардыге ерекше мән берілуде. Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың айтуынша, 2018 жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыру мақсатында төмендегі жұмыстар жүзеге асырылған.
Аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Иіркөл» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге барлығы 162 907,0 мың теңге қаралған. Ал «Самара-Шымкент-Жаңажол» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 213 573,0 мың теңге бөлініпті. Мердігер мекеме – «Қызылорда жолдары» ЖШС.
«Самара-Шымкент-Төретам» автожолын орташа жөндеуге «Дорстрой» ЖШС-гі мердігер ретінде танылды. Бұған қоса, аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Төребай би» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 408 785,0 мың теңге қаралды.