АЯҚ КИІМ ТІГЕТІН СТАНОК АЛАДЫ

Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлер үйінде өткен «Өзіңе сене баста» корме конурсына қармақшылық 6 кәсіпкер қатысып, комиссияның шешімімен өмірдеге қиыншылықтарға мойымай үлгі боларлық жігерлігі үшін Ерлібек Жармаханов 2-ші жүлделі орынға ие болды.
Жүлдегер облыс әкімінің қолынан 700 мың теңгенің сертификатын алды. Аталған қаражатқа аяқ киім тігетін станок алуды жоспарлап отыр. Осылайша, шебер аяқ киім шеберханасы кәсібін ары қарай дамытатын болады.