«ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР – 2014» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық педагогикалық факультеті кафедраларының ұстаздары арасынан қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасынан Аягөз Әбдіразақова бас жүлдені иеленіп, «Ең үздік тәлімгер» атанды. Ол тәлімгерлер арасында барлық қырынан озық шығып, өзінің білімі мен білігінің, тәлімі мен тәжірибесінің жоғарылығын көрсете білді.
Шара барысында факультет деканы ф-м.ғ.д., профессор Бақытхан Әбдікәримов қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл байқаудың факультетте алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын, алдағы уақытта дәстүрге айналатынын жеткізді.
Сайыс қорытындысымен тәлімгерлер арасында І орынды «Ең ізденімпаз тәлімгер» номинациясын педагогика және психология кафедрасынан Гүлзат Оңалбаева жеңіп алды. Ал ІІ орынға бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасынан Жұлдызай Баймағанбетова мен музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнер кафедрасынан Мақпал Шакирова лайық деп танылып, «Ең өнерлі тәлімгер», «Ең әдемі тәлімгер» номинацияларымен марапатталды. ІІІ орынды кәсіби оқыту және бейнелеу өнері кафедрасынан Айдана Әлайдарова мен шетел тілдері және аударма кафедрасынан Айнұр Әбдіғаниева иеленіп, «Ең креативті тәлімгер», «Ең тапқыр тәлімгер» номинацияларын иеленді.