ҚАРМАҚШЫ: ЖЕР ТЕЛІМІН БЕРУГЕ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА
Қармақшы ауданы әкімі Сұлтан Мақашовтың айтуынша, аудан бойынша жер телімі кезегінде барлығы 6 406 адам тұр.
Бұлар тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне арнайы кезекке қоюға байланысты 3 елді мекен бойынша тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесіне мұқтаж азаматтар ретінде арнайы кезекте тұрған азаматтар. Нақтылап айтсақ, Жосалы кенті бойынша – 1941 (529 тұлғаға табысталған), Төретам кенті - 2429, Ақай ауылы – 2050 адам.
Айта кетейік, облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Төретам кенті және Ақай ауылына Байқоңыр ғарыш кешенің жерінен жер қосып беру туралы Үкімет арқылы жұмыстар атқарылуда.
«Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен Жосалы кенті «Мөлтек» ықшам ауданының болашақ даму жоспарына сәйкес 171,0 гектар аумақты құрайтын жерге түбегейлі жоспарлау жобасы (ПДП) әзірленген.
Жосалы кенті бойынша жер қатынастарын реттеу комиссиясының тұрғын үй құрылысы үшін жер табыстау туралы оң қорытындысы қабылданып, оның ішінде 529 тұлғаға Жосалы кенті әкімінің жер учаскесін табыстау туралы шешімі қабылданды.
Қазіргі таңға 2016 жылы кезекте тұрған жеке тұлғаларға қорытынды қабылдау үшін жұмыс жасалуда.