СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Қармақшы ауданында спорт саласында тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Мақашов брифинге айтты.
Есепті мерзімде аудан бойынша 94 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 8188 спортшы қатысты.
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 14581 адам, аудан халқының 27,1% құрады.
Атап айтар болсақ, ауқымды шараларға «Нашақорлыққа жоқ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларының арасындағы аудандық спартакиадалар өткізілді.
Үстіміздегі жылы аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 6-алтын, 10-күміс, 26-қола медальды иеленсе, Әлем және Азия чемпионаттарында 5-алтын, 5-күміс, 1-қола медальды жеңіп алды.
Үстіміздегі жылдың осы уақытында аудан спортшыларынан 4 адам Қазақстан Республикасының спорт шебері (Буторина Кристина, Орынбеков Ермахан ауыр атлетикадан, Тлеумұратова Диана, Әбдеков Дамир самбо күресінен) атағын иеленсе, спорт шеберлігіне үміткер 29-спортшы және 8 – І разрядты спортшы нормативін орындады.
Қармақшы ауданы Төретам кентінде салынған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысының жалпы сметалық құны 364,9 млн. теңге. Мердігер мекеме – «Интегрострой» ЖШС-гі. Бүгінгі таңда аталған спорт нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді.