КООПЕРАТИВТЕР ЖҰМЫСЫ НӘТИЖЕЛІ
Нақты кезеңде Қармақшы ауданында 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бар. Оған 438 адам мүше болды. Еске салайық, 2016 жылы ауданда – 9, ал өткен 2017 жылы – 7 кооператив болды.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың айтуынша, 234 кооператив мүшесі "Ауыл шаруашылығын қаржылай қоры" АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 601 млн. теңге қаржылай несие алып, жұмыс жасауда.
Биылғы жылы облыс әкімдігі бекіткен жоспарға сәйкес, Ақай ауылдық округінде ет өнімдерін өндіру және өңдеу бағытында "Байқоңыр-2017" АӨК құрылып, оған 21 адам мүше болды.