ЭЛЕКТРЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз турын ұйымдастырды. Сала мамандары мен ақпарат құралдарының өкілдері қаламыздағы «ҚЭТТК» АҚ-ның жөнделіп және модернизациядан өтіп жатқан электрэнергетикалық нысандарын аралады.
Өткен 2017 жылы «ҚЭТТК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен 258,1 млн. теңгеге ұзындығы 1 977,73 км 35/10/0,4 кВ электр желісіне және 548 дана ТП, КТПН-10/0,4 кВ жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Жөндеу жұмыстарының мақсаты – электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету және жеткізіліп отырған электр энергиясының сапасын арттыру, сонымен қатар, электр энергиясының нормативтік ысыраптарын азайту.
Өткен жылы орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мына жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: 2017 жылғы 8 айында «ҚЭТТК» АҚ бойынша электр энергиясының нақты ысыраптары 17,2 пайызды құраса, 2018 жылдың 8 айында 16,44 пайызды құраған, осылайша, ысыраптар көлемі 0,8 пайызға төмендеген.
Мұнан басқа, жөндеу жұмыстарының нәтижесінде электр желілердің тозу деңгейі 74 пайыздан 72 пайызға, ал қосалқы станциялардың тозуы 74 пайыздан 69 пайызға төмендеген.
2018 жылы компания 215,9 млн. теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жоспарлаған. Осы жылғы 5 қыркүйекке нақты игерілген қаржының деңгейі 196,5 млн. теңгені немесе 91 пайызды құрап, келесі жұмыстар атқарылған:
1) электр жабдықтарына күрделі жөндеу жұмыстары 90 пайызға орындалған, оның ішінде:
- кернеулігі 0,4 кВ және одан жоғарыәуе желілері – 899,08 км (87 пайыз);
- трансформаторлық стансалар - 66 дана (93 пайыз).
2) электр жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары 87 пайызға орындалған, оның ішінде:
- кернеулігі 0,4 кВ және одан жоғары әуе желілері – 672,24 км (82 пайыз);
- трансформаторлық стансалар – 67 дана (92 пайыз).
Сонымен қатар, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (әрі қарай – ЕҚҚжДБ) заемдық қаражаты есебінен 2016-2020 жылдарға «Кернеулігі 10/0,4 кВ электр желістеріне қайта құру және жаңғырту» инвестициялық бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр.
Аталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында 2014 жылғы18 желтоқсанында «ҚЭТТК» АҚ–мы мен ЕҚҚжДБ арасында 4,5 млрд. теңгеге, оған қоса республикалық бюджеттен 600,0 млн. тенгеге (жалпы сомасы - 5,1 млрд. теңге), несиелік шарт жасалды.
Инвестициялық бағдарламаның негізгі мақсаттары:
- кернеулігі 10/0,4 кВ желілерінде электр энергиясының ысыраптарын азайту;
- тозығы жеткен жабдықтарды жаңарту;
- электр желістеріндегі апаттық жағдайларды төмендету;
- тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету;
- электржелістер мен жабдықтарға жөндеу-пайдаланушылық қызметтерін көрсетуге байланысты шығындарды азайту.
Бағдарлама Қызылорда облысы тұрғындарымен электр энергиясын тұтынуының болжамды өсуіне сай келіп, сонымен қатар, электр энергиясымен қамтамасыз ету сенімділігінің артуына мүмкіндік береді.
Кернеулігі 10/0,4 кВ әуе желілерінде қимасы үлкен сымдары мен техникалық ысыраптары төмен СИП-4 маркалы (өзін көтеруші оқшауланған сым) сымдарын қолдану және электр энергиясын коммерциялық есептеу автоматдырылған жүйесін (АСКУЭ) енгізу бірнеше жыл көлемінде толық өтелімділігімен экономикалық тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2017-2020 жылдарға түзетілген инвестициялық бағдарламасын іске асыру барысында электр энергиясы ысыраптарының азаюы сағатына 36,3 млн. кВт-деп күтілуде. Электр энергиясы ысыраптарының жыл сайынғы төмендеуі 2 процентті құрайды.
Жаңартудан өткен учаскелердің техникалық жағдайының жақсаруы, өткізу қабілетінің ұлғаюы олардың реновациясының негізгі көзінің бірі болып табылатын жыл сайынғы амортизациялық аударымдары мөлшерін көбейтіп, негізгі құралдар тозуы деңгейін төмендетіп, апаттылықты азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, 2017-2020 жылдарға инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын енгізу 373,2 млн. теңгеге ысыраптардың сатып алынуына шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Одан басқа электр желістерінің тозуы 9 пайызға төмендеуі және беріліп жатқан электр энергиясының сапасы артады деп күтілуде.
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті
және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті