АГРОИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТАР АШЫЛДЫ
Жаңақорған ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауылдық округтерде өзін-өзі жұмыспен қамтуға ниетті тұрғындарға жағдай жасай отырып картоп, көкөніс және бақша өнімдерін өндіруді арттыру мақсатында биылғы жылы бірнеше ауылдық округте агроиндустриялды аймақтар ашылып, іске қосылды.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Енді агроаймақтар ашылған ауылдарға келейік.
Қандөз ауылдық округі – барлық көлемі 60 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда 60 гектар толық қоршалып, оның 30 гектарына тары егіліп, ауылдық округке қарасты 30 адам жұмыспен қамтылды.
Қаратөбе ауылдық округі – барлық көлемі 47 гектарды құрайды. Қазіргі таңда 47 гектар толық қоршалып, 17 гектарына тары егілді. Аталған ауылдық округке қарасты 8 адам жұмыспен қамтылған.
Сүттіқұдық ауылдық округі – барлық көлемі 20 гектарды құрайды. Нақты кезеңде 20 гектар толық қоршалып бітті. 3 гектар жүгері, 2 гектар картоп егіліп, ауылдық округке қарасты 11 адам жұмыспен қамтылған. Егісті аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында төрт жерден құдық (скважина) қазылған, тиісті суару жұмыстары жүргізілуде.
Төменарық ауылдық округі – барлық көлемі 50 гектарды құрайды. Бүгінгі күні 50 гектар толық қоршалды. Оның 20 гектарына көкөніс, бақша дақылдары егіліп, ауылдық округке қарасты 31 адам жұмыспен қамтылған. Аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында су тарту қондырғысы (насос) орнатылып, іске қосылған.
Ақүйік ауылдық округі – барлық көлемі 100 гектарды құрайды. Нақты кезеңде 100 гектар жер толық қоршалған. Оның 30 гектарына бақша және көкөніс дақылдары егіліп, ауылдық округке қарасты 9 адам жұмыспен қамтылды. Аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 2 су тарту қондырғысы (насос) орнатылған.