ЖАҢАҚОРҒАН: ЕГІС КӨЛЕМІ АРТТЫ
Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.Әміреевтің айтуынша, биылғы жылы 37 024,4 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі индикативтік жоспар бойынша биылғы жылға 36246 гектарға межеленген еді. Бүгінгі таңда межеленген жалпы егіс көлемінен 778,4 гектарға артық ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Биыл егілген 37 024,4 гектарды нақты саралайтын болсақ: барлық дәнді дақылдар 12111 гектар, оның ішінде күріш – 7700 гектарға, күздік бидай – 2700 гектарға, жаздық бидай - 178 гектарға, арпа - 127 гектарға, тары – 528 гектарға, дәндік жүгері – 878 гектарға орналастырылып, 3961 гектар – мақсары, 21 гектар – күнбағыс және әртараптандыру бағдарламасы бойынша: 606 гектар картоп, 684 гектар – көкөніс, 1720 гектар – бақша дақылдары егіліп, мал азықтық дақылдар бойынша 5866,5 гектарға – жаңа жоңышқа, 91- гектарға – сүрлемдік жүгері себіліп, 11963 гектар ескі жоңышқа дақылы күтімге алынды.
Қазіргі таңда аудан бойынша күтімге алынған 11963,9 гектар ескі жоңышқаның 100 гектары тұқымға қалдырылып, 11863,9 гектардың бірінші орымынан 38622 тонна өнім алынды. Сонымен қатар, аудан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері егілген 2700 гектар күздік бидай дақылының бүгінгі таңда 159 гектары жиналып әр гектарынан 17,8 центнерден 284,3 тонна өнім жинап, егін жинау жұмыстары жалғасуда.