ҮЙРЕК ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ
"Нәтижелі жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында құс шаруашылығын дамыту мақсатында пилоттық жоба негізінде Жаңақорған ауданы бойынша Жайылма, Ақүйік, Төменарық, Қыраш және Қосүйеңкі ауылдық округінен барлығы 13 азамат 31 миллион 500 мың теңге несие алып, бүгінгі таңда 8756 бас үйрек құсы алынды.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Алдағы күндері 7000 бас үйрек алуға келісім жұмыстары жүруде.