ЖАҢАҚОРҒАН:СПОРТТЫҚ КЕШЕН БОЙ КӨТЕРДІ

Үстіміздегі жылы ауданнан 17 спортшы облыстық құрама команда сапында өнер көрсетсе, 6 спортшы ҚР-сы ұлттық құрама командасының қатарында кіріп, ел намысын қорғап жүр. Ауданның спортшылары үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында біршама табыстарға жетті. Олар ҚР-ның чемпионаттарында ұлттық спорт түрлерінен 12 алтын, 19 күміс, 12 қола медаль иеленді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Жаңақорған ауданында 64 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс жасайды. Аталған ұжымдарда спорттың 26 түрімен, 22980 адам тұрақты түрде шұғылданады, бұл өз кезеңінде аудан халқының 27,3 пайызы. Тұрғындарға қызмет көрсететін спорт ғимараттар саны 313 бірлікті құрап отыр.