ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев аудандағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысына тоқталды.
– 2018 жылға аталған нысандарға аудандық бюджеттен 59 980 мың теңге қаржы бөлінді. Нақты кезеңде Екпінді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 16668,2 мың теңге, Жаңарық ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 17594,3 мың теңге және Қожамберді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 17111,9 мың теңге қаржы толық игерілді, – деді аудан әкімі.
Бұған қоса, кенттің Саяжай аумағынан 600 орындық мектептің, МАИ бекеті аумағынан 600 орындық мектептің, кент орталығынан 600 орындық №169 мектептің және Ипподром аумағынан 300 орындық мектептің және Жаңақорған кентінің Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
Төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге «Проммедконтракт» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Осы төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 72 504,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ал, екі балабақшаның ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен бөлінген 19 482,0 мың теңге қаржыға «Сыр Жоба» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жобалау жұмыстары жасалуда.
Аталған төрт мектеп бойынша жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмысы бойынша бүгінгі күнге 32 000,0 мың теңге қаржы игеріліп және екі балабақшаның жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары бойынша 10 000,0 мың теңге қаржы игеріліп, барлық жобалар мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.
Аталған жоба-сметалық құжаттарға 2018 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынады деп жоспарланған.