ЖАҢАҚОРҒАН: ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ КӨЛЕМІ ӨСТІ
Оңтүстіктегі ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру осы жылдың қаңтар-маусым айларында 38283,0 млн. теңге болып, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 93,4 пайыз болды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ғалымбек Әміреев мәлімдеді.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 20505,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,5 пайызды құрады.
Өнеркәсіп бойынша тұтас нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі мен кен өндірісі саласы елеулі ықпал етіп отыр. Бөлшек сауда көлемі 2692,6 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,1 пайыз болды.
Биылғы жылдың алты айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 13387,5 мың теңге болып, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 158,8 пайызды құрады. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі осы мезгілде 4757 млн теңгеге орындалған. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 158,1 пайызға орындалды. Салынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 22895 шаршы метр болып, өткен жылмен салыстырғанда 106,1 % пайызға орындалды.
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында аудандағы мал шаруашылығында өндірілген өнім өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан. Атап айтқанда мал мен құстың (тірідей салмақта) союға өткізілгені – 3586,7 тонна, өткен жылдан 2,6 пайызға артқан
Қыркеңсе ауылдық округіндегі «Бекарыс-Агрофут» ЖШС-г і«Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп ет бағытындағы 170 бас асыл тұқымды қашар (қалмык) сатып алынды.