СЕНАТОРЛАР СЫР ЕЛІНДЕ
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына орай ҚР Сенат депутаттары бүгін Сыр еліне іс-сапармен келіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова бастаған депутаттар алдымен қала орталығындағы «Нұр-Шұғыла» жеке мектепке дейінгі балабақшаның жұмысымен танысты.
Балабақша «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 200 млн. теңге несие алып, қалған 265 млн. теңге қаражатын кәсіпкер Сейтқали Алшынбаевтың демеушілігімен салынған. Қазіргі таңда 320 балаға арналған тәрбие ордасында 80-нен аса қызметкер жұмыс жасайды. Балабақша ойын және спорт алаңдарымен қамтылған.
Мұнан соң Сенаторлар 100 баламен қамтылған «Сыр балажаны» балабақшасының тыныс-тіршілігімен танысты. Мұндағы 4 топта да балғындар үш тілде оқытылады.
Бүгінде балабақшалар орталық заманауи ойын құралдарымен, жиһаздармен және бейнебақылау құрылғыларымен толық жабдықталған.