ЖАҢАҚОРҒАН: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ОРЫНДАЛУДА
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдау жайында айтты.
Аудан басшысының айтуынша, ағымдағы жылы қабылданған халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспар аясында 3 959 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оның 1978 жұмыссыздар, 1677 нәтижесіз жұмыспен қамтылатындар, 304 лайықты жұмыс іздеушілер қатарында болған. Осыдан жоспар 2069 адамға орындалды. Жылдық жоспар 52 пайызға орындалды.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 1914 адам хабарласқан. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны 1562 адам болса, оның 1531-і (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 98 пайызы) жұмысқа орналастырылды.