ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

Аталған кездесулердің мақсаты - кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Облыс орталығында орналасқан 6 колледж, оның ішінде И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі, Болашақ университетінің колледжі, Абылайхан атындағы жоғары колледжі, көпсалалы Ұлағат колледжі, Болашақ медицина колледжі және Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенттерімен кездесу өтіп, ОІІД Жергілікті полиция қызметінің тапсырысымен арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, студент жастармен пікір алмасып, сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Мұндай кездесудер облысымыздың барлық колледждері мен мектептерінде қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі
