ЖАУАПТЫ ХАТШЫ ШОРА ЕРӘЛИЕВ
«Журналистердің арқалайтыны – алтын, жейтіні – жантақ» дейді көрнекті қаламгер Шерхан Мұртаза. Жазушының жанкешті мамандық иелерін алтын арқалап жүріп, жантақты сүйсіне жейтін қара нарға балауы тек болмаса керек. Сондай қара нардың бірі – журналист Шора Ерәлиев еді.
Бір кездері «Ленин жолы» газетінің ұжымы (қазіргі «Сыр бойы») өңшең әскерден оралған жауынгерлердің шоғыры болатын. Төрде әзілдің тізгінін ағытып Орман Нұр-хабаев отырады. Сонан соң екі сөзінің бірінде «тасмаңдайлар» деп сөйлейтін Досмағанбет Тасекеевтің әңгімесін тыңдаймыз. Ол Қызылорда пединститутының орыс тілі мен әдебиеті факультетін соғыстан оралған соң бітірген кісі еді. Ешкімге көңілі толмайтын өзінше біржұмбақ жан болды. Ұрпақсыз кетті. Әскерде айып батальонын басқарған, әскерикомиссариатта, обкомда қызмет істеген, сонан соң журналистикаға бет бұрған. «Кешіккен Дәмеке» деген бір повесті жазғаны есімде.
Сырдария, Жаңақорған аудандық газеттерінде редактор болған Сыдық Алдабергенов оның жан досы еді. Екеуі жұп жазбай сырласумен пәни дүниеге аттанып кетті. Сыдық қолына қалам ұстамайтын, диктовкімен очерк, суреттеме жазатын. Біз таңғаламыз. Ал, Әбсадық Жанзақовдеген ағамыз көп жыл редакцияда өндіріс-транспорт бөлімін басқарды. Зейнетке шығарып саларда шапан жауып, қолына конверт бергенде:
«Маған бүгінгі көрсетілген құрмет керемет болды. Мен дүниеден өтерде мұндай құрмет болмайтын шығар. Сондықтан, сол кездегі беретіндеріңді бүгін тағы да пұлдай жинап бергендеріңді қалап тұрмын», - деп қарап тұр. Қыран-топан күлкіге баттық. Сөзді қиыннан қиыстырып айтатын кісі еді Әбсадық аға.
Ол тұста редакцияда КазГУ-ды бітірген бірде-бір журналист болған жоқ. Әлі есімде, сонау елуінші жылдың басында ЦК-ның жолдамасымен ортамызға қою қара шашы бұйраланып маңдайына төгілген бір жігіт келді. Өзін Шора Ерәлиев деп таныстырды. Қармақшының Ленин атындағы колхозында туып-өскенін айтты. Үйленбеген. Әке-шешесі ауылда тұратын көрінеді. Ә дегеннен бас көтермей мақала жазды, аудармашы болды. Оқырманға танылды. Арада үш-төрт жыл өтпей жауапты хатшыға көтерілді. Газеттің келбеті өзгерді.
Бас редактор Хамза Сыздықов жас жігіттің қамшы салдырмас шапшаңдығына, тиянақты ісіне тәнті болып, жиын-жиналыста, летучкада Шораны аузынан тастамай айтатынын талай естідік.
Кеңестік кезеңде газет шығару мүлдем қиын болды. Хрущев дәуірінде ұзын-сонар баяндама КазТАГ-тан келеді. Орыс тілінде жазылатын дүниелерді суыт аудару қиындығы және бар. Бәрі қолмен теріледі, таңсәріде газет баспаханадан шығады. Кезекшілер үйлеріне барғанда сілейе құлайды. Бір қате кетсе обкомдағы аңдушылар әлекке түсіреді. Міне, осы тұста жауапты хатшы Шора Ерәлиев баспахананың бір бөлмесінде қона жатып әріпті сонда оқиды. Кейде Бақыт атты жеңешем «Шора үйге қонбады, кешеден жоқ» – деп редакцияның есігін жиі қағатын. Осы сәтте сырбаз Шөкең:
– Бақыт, келдің бе, газет кешігіп жатыр. Сәлден соң үйге барамын, шәйіңді қоябер! – деп шығарып салатын.
Жауаптыхатшы – газеттің жүрегі. Әрі бас сәулетшісі. Бейнебір әсем ғимараттың сұлбасын сызатын архитектор десем артық болмас. Бұл аз десеңіз, жауапты хатшы бас конструктор секілді. Макетті шебер сызып, жазылған дүниенің маңыздылығына қарай әр бетке ыждағатпен орналастыру жауапты хатшыға байланысты. Бұл жағынан Шора қамшы салдырмайтын, Сызған макеті жарқырай түсетін. Сонан соң жарияланған редакцияның қызметкерлері мен авторлардың арасындағы пайыздық заңдылықты қатаңсақтай отырып, жанрдың табиғатына лайықтап, қаламақыны әділ қоятын, обал-сауапты тең ұстайтын, редактордың ең сенімді серігі болуы керек. Бұл жағынан Шора әділ болды.
Газеттің беделі журналист Ұзақ Бағаев келген соң (1962-1968 жылдар) одан әрі өрлей түсті. Редактор Бағаев журналистер мектебін ашты. Өзі қаламы ұшқыр, тақырыпты тауып қоятын азамат еді. Тәуір дүниені алыстан болжап, макетті бұзып, шығайын деп тұрған газетке кезектен тыс салдыратын қасиет қалыптастырды.
Сейіл Боранбаев, Шәкірат Дәрмағамбетов, Әбілахат Жанәділов, Дархан Сапаров, Құрманғазы Бәкіров, Мария Қарақонақова және тағы басқалар осы тұста ортамызға қо-сылды. Бұл кезде Шора Ерәлиев жауапты хатшыдан көтеріліп, редактордың орынбасары еді.
Ұзекең газеттің бет-бейнесін өзгерту үшін Шораны жауаптыхатшылыққа оралуын қалады. Студенттік кезден КазГУ-де бірге оқыған замандасына осылайша сенім артып, жауапты хатшылыққа тағайындады. Бұлар Балғабек Қыдырбекұлы, Әбірәш Жәмішев бәрі курстас достар болғанын кейін білдік.
Шора уақытының көбін редакцияда өткізетін, күй талғамайтын қара нар болды. Бірер пашкі «Беломор канал» папиросы лезде таусылатын. Шылымды сорып отырып, сәлденсоң қолы қалт етсе, шахмат ойнауға шығады. Бұл ойында да Шора көбін шемішкедей шағып тастайтын шахматшы болды. Талай түйдек-түйдек дүниелер жазды. Обкомның пленум, конференцияларының есебін жүйеге түсіру тек Шораның сүзгісінен өтетін.
Журналистаға зейнетке шыққан соң күн құрғатпай редакцияға соғушы еді. Шылымын соратартып әңгімені төгілтеді.
– Қазіргі газеттеріңнің келбетіне қуанамын. Үлкен формат, түрлі-түсті бояумен шығады. Шіркін, интернет пен компьютер дәуірін аға ұрпақ көрмей кетті. Линотип, тақырыпты қолмен теріп, баспа станогін қолмен бұрайтын. Кейде газетке тоғыз беттік Хрущевтің баяндамасын беремін. Түні бойы баспаханадамыз. Көлік жоқ, жаяулатып үйге қайтамыз. Міне, осындай дәуірді бастан өткіздік. Сендер бақыттысыңдар. Баяғы қол машиналары жоқ, әр бөлмеде қос-қос компьютер, – дейтін.
Аға ағынан жарылып, қызметтестері Орман, Мырқы, Әбділда, Әбсадық, Құрманғали, Бөлебай жайында да естелік төгетін-ді. Бар жүкті арқалаған ағаны жасы ұлғайған сәтте сырқат көп айналдырды. Дәріні уыстай ішті. Дәрмен болмады.
Міне, бүгін ойлап қарасам, қарашаңырақтың қара нары атанған бесаспап журналист Шора Ерәлиевтің дүниеден озғанына талай жыл өтіпті. Қазір тірі болса, биыл тоқсанға шығып, көзі тірі інілерімен әзіл-қалжыңдыжалғастырар еді. Амал қанша?!
Иә, өмір – өзен, ол ағысын тоқтатпайды. Шора Ерәлиевтің шаңырағы қара ормандай жайқалған ұл-қыз, немере, құда-жекжатпен өрісін кеңейтіп келеді. Әулеттің бұтақ жайған жапырағын көріп, өшпеу деген осы болар дейміз. Бүгін тоқсанның биігіне шыққан ағаны еске алып, ұрпағына тілек жаудырар парыз бізге бұйырды.
Қ.МЫРЗАХМЕТҰЛЫ