ДӘРІГЕРЛЕР САНАТОРИЯЛЫҚ БАЛАБАҚШАҒА ЗАҢСЫЗ ЖОЛДАМА БЕРГЕН
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансері 2 балаға санаториялық балабақшаға негізсіз жолдама берген. Бұл Қызылорда қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандарды туберкулезден алдын алуды жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдарға кешенді тексеру жүргізу барысында анықталды.
2011 жылы кәмелетке толмағандар Н.Ерлан мен Е.Ерланға «№3 Қарлығаш санаториялық балабақшасы» КММ-не №871, №872 жолдамалар берілген, бірақ олардың отбасыларының бірде-бір мүшесі туберкулез ауруымен ауырмайтындығы және арнайы есепте тұрмайтындығы белгілі болды.
Бұл ретте, аталған жолдамаларға қол қойып, оларды берген дәрігерлердің әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 325-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері байқалғандықтан, бұл факті қалалық прокуратураның ӨАЕК-на тіркелді. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізуге және тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда облыстық ішкі істер департаментіне жолданған.
Қазіргі кезде, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің анықтау басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, анықтау амалдары жүргізілуде.