ӨМІР СҮРУ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Мақашов баспасөз мәслихатында айтты.
2018 жылдың қаңтар-маусым айларында туылғандар саны 580 (2017 ж-617) баланы құрап, өткен жылдын тиісті кезеңімен салыстырғанда 94 пайызды құрады. Қайтыс болғандар саны 162 (2017 ж-172) адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 94,2 пайызды құрады.
2018 жылдың қаңтар-шілде айларында 100 мың тұрғынға туберкулезбен ауру деңгейі 24,1 құрады, ал 2017 жылдың тиісті кезеңінде аурушандық көрсеткіші 33,4 құраған, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 27,8 пайызға төмендеді.