АУДАНДАРДА ГАЗДАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА

Қармақшы ауданы тұрғындарына табиғи газдың игілігін көруге аз уақыт қалды. Ол үшін республикалық бюджеттен 892,3 млн теңге, облыстық бюджеттен 99 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Сұлтан Мақашов мәлімдеді.
Қазіргі таңда мердігер мекемемен келісімшарт жасалып, 14,8 шақырым болатын жоғарғы қысымды газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілілуде. Ал автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы мамыр айында аяқталды. Құрылысты жүргізген мердігер мекеме – «ТрансАзияКонстракшн» ЖШС-гі.