АУДАНДА ЕТ ПЕН СҮТ ӨНДІРУ АРТТЫ
Биылғы жылдың 7 айының қортыдысымен Шиелі ауданында мал саны – 160978 бас болды. (ірі қара - 56017, қой мен ешкі - 88876, түйе - 1469, жылқы – 14616). Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 113,1 пайызды, уақ мал 101,9 пайызды, жылқы 107,9 пайызды, түйе 109,5 пайызды құраса, құс 135,2 пайызға жетті.
Мұны ақпарат құралдары өкілдеріне өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді.
2018 жылдың 7 айында тірілей салмақта 2711,9 тонна ет, 10334,6 тонна сүт, 1952,5 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 103,0 пайызға, сүт 104,2 пайызға жетсе, жұмыртқа өндірісі 2,4 есеге артқан.