ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
2014 жылға арналған маусымдық профилактикалық өрттің алдын алу іс-шараларының тізбесі мен кестесіне сай, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 18-31-желтоқсанда «Шырша» профилактикалық іс-шарасын өткізуді жоспарлауда.
Профилактикалық іс-шара барысында, көпшілік орындарында және ұжым арасында «Жаңа жыл» мерекесін өткізуде өрт қауіпсіздік шараларын сақтауды насихаттап, сауда орындарында сертификатталмаған пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатуға шектеу жасау аясында құзырлы мекемелерімен бірігіп, рейд жүргізуде.
Мереке қарсаңында сертификатталмаған пиротехникалық заттар мен бұйымдардың сауда орындарында сатылуы, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етілуі алаңдатуда. Жылда облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі «Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында облыстың құзырлы мекемелері - ішкі істер органы, кәсіпкерлік басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары, сауда орындарының басшылары, кәсіпкерлік палатасы өкілдері бірігіп, сертификатталмаған пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сауда орындарында сатуға тыйым салуға жүйелі түрде рейд ұйымдастырып келеді. Алайда бұған қарамастан сауда орындарында сертификатталмаған пиротехникалық заттар мен бұйымдар сатылып, халықтың қолдануынан 2011 жылы – 10 адам, 2012 жылы – 6 адам, 2013 жылы – 7 адам әр түрлі дәрежедегі жарақат алу жағдайлары тіркелген.
Осы орайда, «Жаңа жыл» мерекесін өткізуде фейерверктерді қоғамдық-мәдени көпшілік іс-шараларда қолдану, тек аумақтық ішкі істер органымен келісілген, жұмысты жүргізуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыруы қажеттілігі туындап отыр.
«Сыбаға» базарында, «Айтбек» «Жайна» сауда үйлерінде жергілікті атқарушы органдармен - ішкі істер басқармасы, ішкі саясат бөлімі, кәсіпкерлік бөлім, апаттар медицина орталығы және БАҚ өкілдері ғимараттың өрт қауіпсіздігіне аса назар аударды. Жауапты тұлғаларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосалқы шығу есіктерінің іштен оңай ашылуы, автоматты өрт дабыл қондырғысының жұмыс жасауы, эвакуациялық жоспарлардың болуы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамды жағдайда болуы және өрт шыққан жағдайда алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі туралы мекеме басшыларына кездесу жұмыстары жүргізілді. Шараға 9 қызметкер және нұсқаулықтан өткен 75 базар басшылары мен саудагерлер қатысты. Кездесу барысында ғимарат ішінде және аулада пиротехникалық бұйымдардың сатылуына және пайдаланылуына тыйым салу жөнінде қатаң ескертіліп айтылды. Осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
«Жаңа жыл» мерекесін өткізу барысында сертификатталмаған пиротехникалық заттар мен бұйымдарды облыс аумағына кіргізу мен сауда орындарында сатуға тыйым салуға бірігіп атсалысуға шақырамыз.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы