ДРЕНАЖ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Жалағаш ауданында өткен 2017 жылы ауданда «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының 2-кезеңі» жүргізілді. Облыстық бюджеттен бөлінген 73,3 млн. теңге қаражатқа 86 су шаруашылығы нысандары (Аққұм, Бұқарбай батыр, Мәдениет, Таң ауылдық округтері бойынша) құжаттандырылып, республикалық меншікке алынды.
Бұл туралы аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Қазіргі таңда «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының 3-кезеңі» жүзеге асырылуда. Нәтижесінде барлығы 14 мың гектар (Еңбек, Мақпалкөл, Жаңаталап, Шәменов, Ақсу, Аққұм, Аламесек ауылдық округтері бойынша) жер қалпына келтірілетін болады.