ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың айтуынша, аталған ҮЕҰ-дарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде биылғы жылдың 6 айында жергілікті бюджеттен 8 млн. теңге қаржы бөлініп, 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылған.
Сонымен қатар, ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына тоқсан сайын қоғамдық бірлестіктер арқылы сауалнама жүргізіліп келеді. Аудан көлемінде шиеленісуі мүмкін жағдайлар, ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін болжамдалып отырған оқиғалар, түрлі саяси партиялардың іс-қимылдары байқалмайды.