ЖЖК-2020: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА 1,9 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
Қызылорда облысында биыл әлеуметтік нысандардың жөндеуіне 1,9 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
2014 жылы Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға 7,2 млрд теңге бөлінген, 7900-ге тарта адам бағдарлама қатысушысы атанды, оның жартысынан астамы – жастар. Мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты –инфақұрылым мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 2,4 млрд теңге қарастырылған еді. 45 жобаны жүзеге асыру аясында 350-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Қаражаттың басым бөлігі – 1,9 млрд теңгесі әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын жөндеу жөніндегі 38 жобаға бағытталды. Жеті ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына 535 млн теңге құйылған.
Бағдарламаның екінші бағыты – кәсіпкерлік пен тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру бойынша биыл бөлінген 2,3 млрд теңге толығымен игерілді.