МАЛ ІНДЕТІНЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сырдария ауданында эпизоотияға қарсы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 6 айға жоспарланған алдын ала егу шаралары мен диагностикалық зерттеулер жұмыстары жүргізіліп 100% пайызға орындалды. Атқарылған жұмыстар ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру дерекқор базасына толығымен енгізіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, энзоотиялық індеттерге қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 13 мың 200 бас мүйізді ірі қара малдарына өттеу індетіне қарсы ветеринариялық-профилактикалық шаралар жүргізіліп, 100 % пайызға орындалған.
- 2018 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан Сырдария ауданы бойынша 10 елді мекен қолайсыз болып анықталған болатын. (Шіркейлі, Іңкәрдария, А.Тоқмағанбетов, Аманкелді, Шаған, Айдарлы, Н.Ильясов, Жетікөл, Ақжарма, Бесарық). Осыған байланысты, аудан бойынша қолайсыз болып есепке алынған елді мекендерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Бұған қоса, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтарында 2018 жылғы күзгі эпидмаусымда жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарына Қоғалыкөл және О.Мәлібаев елді мекендері қосылып, кестесі бекітілді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап тиісті жұмыстар жүргізілетін болады, - дейді аудан әкімі.