ШИЕЛІ: ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
2018 жылдың 7 айында Шиелі ауданында негізгі қорға барлығы 15 млрд. 485 млн. теңге инвестициялық қаржы салынды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 есеге артық. (2017 жылдың 1 шілдесіне 5,8 млрд.теңге).
Бұл туралы аудан әкімі Әшім Оразбекұлы брифингте мәлімдеді.
Биылғы жылдың 7 айы ішінде оңтүстіктегі ауданның өңдеу өнеркәсібіне әртүрлі көздерден 9,7 млрд. теңге («Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС, «Ру-6» ЖШС, «ТТК Шиелі» ЖШС және «Шиелі Жолшы») инвестиция тартылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция көлемі 9,8 есе өскен. Айта кетейік, оның 7,7 млрд. теңгесі шетел инвестициясы.
Ал құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 2734 млн. теңгені құрады. Тиісті кезеңнен 3,5 есеге өскен. Оның ішінде жалпы ауданы 29863 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,3 пайызға артты.