ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бастысы, биылғы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы аудандағы шаруашылық құрылымдары 548 млн. 244 мың теңгеге 17 жаңа техника алып, машина-техника паркін біршама жаңалады.
Ал осы жылдың 1 тамызына аудандағы барлық шаруашылық санаттарында төрт түлік мал басы 34 мың 107 бас мүйізді ірі қараны құрады. Бұған қоса, ауданда 29 мың 930 бас қой мен ешкі, 14 мың 152 бас жылқы мен 1237 бас түйе, сондай-ақ,11 мың 873 бас құс өсірілуде.
Мал шаруашылығынан өндірілген өнімдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 100,0 %-ға, ал сүт 101,7 %-ға, жұмыртқа 106,4%-ға орындалды.
Айта кетейік, үстіміздегі жылы аудандағы 7 шаруашылық құрылымдары «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 61,8 млн. теңге несие алды.