ЖАСТАР САЯСАТЫ – ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Осыған байланысты Жалағаш ауданында аталған сала бойынша бірқатар игі шаралар жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі таңда Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 8 865 азамат тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 24,7 пайызын құрайды.
Оның ішінде ауылдағы жастар саны 4 942 болса, кент орталығындағы жастар саны – 3923.
Биылғы жылы мемлекеттік жастар саясатының жұмыстарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 14,7 млн. теңге және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыруға 9,5 млн. теңге бөлінді.