ЖАЛАҒАШ: МӘДЕНИЕТІМ-МӘЙЕГІМ
Мәдениет саласының негізгі қызметі – мәдениет саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер көрсетуге, ел бiрлiгiнiң нығаюына бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Жалғаш ауданында жыл басынан мәдениет саласы бойынша 1160 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 87 964 көрермен тартылды.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Далдабай ауылдық клубы жанынан «Қыл қобыз» және Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйі жанынан балалар хор үйірмелері ашылды.
Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен 176,2 млн. теңге бөлініп, Мәдениет елді мекенінен 150 орындық ауылдық клуб ғимаратының құрылысы аяқталып, ғимарат қолданысқа берілді.
2017 жылы Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» жобасы аясында жалағаш ауданында да «Туған жерге тағзым» атты жалпы республикалық акция өткізілді.
Акция аясында жалпы құны 230 млн. теңгеге әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру мақсатында 7 меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда қол қойылған меморандумның 4-уі орындалды, қалған 3-уі орындалу үстінде.