ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ
Қызылордада есірткінің заңсыз айналымымен күрестің нәтижелілігін арттыру бағытында полиция қызметкерлеріне автокөлік тіркемелері берілді.
Қызылорда облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына тосқауылды күшейту және нашақорлықтың алдын алу мақсатындағы бірнеше жобалар жүзеге асырылып, тиісті ұйымдастырушылық шаралар жасалуда.
Осындай шаралардың бірі ретінде Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының және Кинологиялық қызмет орталығының теңгеріміне есірткі қылмыстарын жедел түрде ашу, есірткінің заңсыз айналымымен күрестің нәтижелілігін одан әрі арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында АҚШ елшілігі өкілдерімен 2 дана тіркеме табыс етілді.
Бірнеше жылдар бойы есірткі бизнесіне қарсы күрес арнайы бөліністеріне Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігінің бөлімдерімен ынтымақтасу шеңберінде техникалық құрал-жабдықтар беріліп келеді.
Шараға Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігі өкілдері, департамент басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Шарада Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғани Төлебаев сөз алып, беріліп отырған техникалар есірткі құралдарына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру кезінде оң нәтижелерге қол жеткізетіндігін атап өтті.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі