МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҚ ОБЛЫСТЫҢ АУДАНДАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІН 85 РЕТ АРАЛАДЫ
"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қоры" АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының "Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы" биыл облыстың аудандары мен ауылдық округтерін 85 рет аралап, мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау құралдары жайлы кеңес берді.
Барлығы МКҚО облыстың 7 ауданы мен 111 ауылдық округтеріне 85 рет сапар шегіп, қызмет көрсетті. МКҚО өз жұмысын бастаған уақыттан бері Даму Қорының кеңесшілері 1246 облыс тұрғынын кәсіпкерлікті құру мен оған берілетін мемлекеттік қолдау құралдары жайында кеңес берді. МКҚО ауылдарға сапары барысында Даму Қорының кеңесшілерімен қатар екінші деңгейлі банктер өкілдері және басқа да ауыл өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысатын қаржылық институт өкілдері де қатысты.
"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қоры" АҚ консалтингтік орталығы 2013 жылы жұмысын бастап, ауылдық аймақ тұрғындарына кешенді қолдау көрсетуге және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында жұмыстар атқарып келеді. Ауыл және аудан тұрғындары кәсіпкерлікті қолдауға арналған "Бизнестің жол картасы 2020", "Жұмыспен қамту 2020", "Сыбаға" мен "Әйел кәсіпкерлігін қолдау" сияқты бағдарламалар жөнінде кеңес алумен қатар, "Бизнес-Кеңесші", "Бизнес-Кеңесші-2", "Іскерлік байланыстар", "Жас кәсіпкерлер мектебі" және тағы да басқа бизнесті ашудың қыр-сырына үйрететін оқыту курстарына қатысуға өтініш бере алады.