СОТ ҰЖЫМЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-2018» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің ұжымы «Мектепке жол-2018» қайырымдылық акциясы аясындағы «Мектеп сөмкесі-2018» акциясына өз үлестерін қосты.
Акцияның мақсаты – көп балалы отбасылардан шыққан аз қамтылған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.
Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Сәбит Абдиканов пен Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов орталық мешітке арнайы барып, мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған 100 дана сөмкені ата-аналарға табыстап, алдағы уақытта осындай көмек жалғасын табатынын жеткізді.
Өз кезегінде ата-аналар жасалған қайырымдылық көмегі үшін сот ұжымына алғысын білдіріп, жемісті жұмыс тіледі.