АУДАНДА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Мал шаруашылығын дамытуда ветеринариялық іс-шаралардың тиісті ережелерге сай жүргізілуінің маңызы зор.
Биылғы жылы Жалағаш ауданында ветеринариялық іс-шараларды атқаруға 53,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Есепті мерзімге игерілгені 34,6 млн. теңге немесе 65 пайыз. Нәтижесінде эпизоотиялық және энзоотиялық жағдай тұрақты сақталып келеді.
Соңғы жылдары аталған аудандағы шаруашылық басшылары мен мал иелері асыл тұқымды малды сырттан әкелуге және қолдан ұрықтандыруға ден қойып отыр.
Жалағаш ауданы бойынша бүгінде 15 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды. Оларда 1266 бас мүйізді ірі қара малы қолдан ұрықтандырылды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 43 пайызға артық. (Өткен 2017 жылы – 885 бас мүйізді ірі қара малы қолдан ұрықтандырылған).