«ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ АРҚЫЛЫ 17 ЖАҢА ТЕХНИКА АЛЫНДЫ
Сырдария ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім осы жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысы бойынша 2,3 млрд.теңгені құрап, 1,7 пайызға артқан.
Бұл туралы аудан әкімі Ғанибек Қазантаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері биыл 32 мың 210 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырған. Оның ішінде жаздық бидай 500, мақсары 325, сүрлем жүгері 10, жаңа жоңышқа 2906, ескі жоңышқа 6775, картоп, көкөніс, бақша 820 гектарды құрайды. Негізгі дақыл күріштің көлемі 20 мың 874 гектар.
- Бүгінгі күнге шаруашылық құрылымдары 500 гектар жаздық бидайдан 7471 центнер өнім алынып, орта өнім 14,9 центнер гектардан келді. Ескі жоңышқа дақылының IІ-орымы аяқталып, 15 мың 365 тонна құнарлы мал азығы жиналды, орта өнімі 30,3 центнерден келді. 18 мың 500 гектар күріш дақылы тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, гербицидпен өңделді. Сырдария ауданының егін шаруашылығын субсидиялау бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен ауыл шаруашылығы құрылымдарына 2018 жылы тұқымға 104 млн. 200 мың теңге субсидия игерілді. 2018 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шаруашылық құрылымдары 548 млн. 244 мың теңгеге 17 жаңа техника алды, - дейді аудан әкімі.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 тамызына аудандағы барлық шаруашылық санаттарында төрт түлік мал басы 34 мың 107 бас мүйізді ірі қара, 29 мың 930 бас қой мен ешкі, 14 мың 152 бас жылқы, 1237 бас түйе, 11 мың 873 бас құс өсірілуде.
Мал шаруашылығынан өндірілген өнімдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 100,0 %-ға, сүт 101,7 %-ға, жұмыртқа 106,4%-ға орындалды.
2018 жылы ауданда «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 7 шаруашылық құрылымдары 61,8 млн.теңге несие алды.