ЗАҢГЕР ӨЗ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕКЕНЖАЙЫНА ТІРКЕЛМЕГЕНДЕРГЕ САЛЫНАТЫН АЙЫППҰЛҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРДІ
Адвокат Жохар Өтебеков елімізде тұрғылықты мекенжайға жалған тіркеуге тұрғандарға айыппұл салуға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Адвокаттың айтуынша, пәтерде тұрмайтындарды тіркеуге алған пәтер иелеріне айыппұл салу қазіргі заңда да бар. "2011 жылы жазда тұңғыш рет пәтерлер мен үйлердің иелеріне жауапкершілік артылды. Яғни, егер үйдің иесі ол үйде тұрмайтын адамды тіркеуге тұрғызса, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар, тіркеуден шығып 10 күн ішінде басқа жерге тіркелмеген азаматтарға ескерту жасалады. Егер үш айдың ішінде басқа жерге тіркелмесе, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді", - деді Өтебеков.
Бірақ адвокат тіркеудегі жерден басқа жерде тұрғаны үшін қазақстандықтарға айыппұл салынбайтынын айтты. Өтебековтің мәлімдеуінше, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" жаңа кодексі бойынша үйінде тұрмайтындарды тіркеуден шығармаған үй иелеріне айыппұл салынады.
"Жаңа кодексте үйінде тұрмайтындарды уақытында тіркеуден шығармаған үй иелеріне 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салу бірінші рет енгізілді. Бұрын бұл талап тек заңды тұлғаларға қойылған, қазір жеке тұлғаларға да қолданылып отыр. Мысалы, сіз Өскемендегі ата-анаңыздың үйінде тіркеуде болып, бірақ Астанада тұрып, жұмыс істейтін болсаңыз, сізді бұрынғы заңнамалар бойынша да, жаңа кодекс бойынша да жауапқа тарта алмайды. Бірақ сіздің ата-анаңызға сізді тіркеуден шығармағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін", - деді адвокат Өтебеков.