КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесе «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті жаңғыртудың құқықтық негізі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға сот, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалым-оқытушылар, нотариустар мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Кесебаева, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қ.Сапаров, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қ.Бисеновтер құттықтау сөз сөйлеп, баяндамалар оқылды.
Одан әрі ұсыныс айтушылар өз пікірлерін білдіріп, жазбаша ұсынымдарын жеткізді.