ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА
Сырдария ауданында 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында орындалуы тиіс жұмыстар өз деңгейінде жүзеге асырылуда.
Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде барлық маңызды салалар бойынша дамудың оң динамикасына қол жеткізілді. Аталған ауданның тұрғындары мен еңбеккерлері 90 жылдық мерейлі мерейтойды табысты да мерекелі көңіл-күймен қарсы алды.
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың 10-11 тамыз күндері Сырдария ауданының құрылғанына 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Бұл Елбасының сындарлы саясаты мен тұғырлы Тәуелсіздігіміздің жемісі.
Ауданға 2018 жылға арналған аудандық бюджеттің түсімдері 7,5 млрд. теңге, оның ішінде өз кірістері 5,0 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Бірінші жартыжылдық қорытындысымен аудан бюджетінің түсімдері 4,6 млрд. теңгеге немесе 101,8%-ға орындалса, өз кірістерінің болжамы 101,1%-ға орындалып отыр. (1,9 млрд. теңге).
Аудан бюджетінің шығындар жоспары ағымдағы кезеңге 100%-ға орындалды.
Халық саны 2 мың адамнан асатын кент және 7 ауылдық округтердің 2018 жылға арналған бюджетінің кірістері 1 млрд. 56 млн. теңге көлемінде бекітіліп, 1 млрд. 73 млн. теңгеге нақтыланған.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша аудан экономикасына 13,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Айта кетейік, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52,3 пайызға артық.