ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛУДА
Жалағаш ауданында жыл ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен жалпы көлемі 1801 гектар жер учаскелері сауда-саттық, аукцион, конкурстар арқылы жалға берілді. Жер учаскелерін сатудан аудан бюджетіне 9,3 млн. теңге қаржы түсті.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдаланылмай бос жатқан жалпы көлемі 2520 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.