МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ
Қазалы ауданында биылғы жылы абаттандыру жұмыстары 284 млн. теңгені бөлініп, 5 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Әйтеке би кентінде «Рәміздер» алаңын салу, Ақтан батыр, Пірімов, Ақсуат ауылдары мен шағын ауданға абаттандыру жұмыстарын жүргізу.
Қазалы ауданы бойынша мәдениет саласында да жоспарланған жұмыстар атқарылуда. Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтылып жатыр. Биыл осы жұмыстарға 12 млн теңге бөлінді.
Сондай-ақ, бюджеттен 7 млн. бөлініп, Ақсуат ауылынан жаңа ауылдық клуб салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.